Барак Обама келесі ай Кубаға барады

АҚШ Президенті Обама наурыз ішінде Кубаға барады

434858
Барак Обама келесі ай Кубаға барады

Америка Құрама Штаттары Президенті Барак Обама келесі ай Кубаға барады.

АҚШ Хабар Каналы CNN İnternational Обаманың Куба зияратының Латын Америка сапарының бір бөлшегі ретінде наурыз айы ішінде жүзеге асырылатынын баяндады.

Кубада 1959 жылдағы төңкерістен кейін екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар үзілген болатын. Алайда өткен жылы дипломатиялық байланыстардың ресми басталуымен екі қарым-қатынастары қалыпқа түсу процесіне кірді.

Обама әкімшілігі 2014 жылы аяғында 50 жылдан астам уақыттан бері дипломатиялық байланыс болмаған және экономикалық шектеме атқарған Кубамен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру шешімін жасаған еді. Өткен жылы екі ел өзара елшіліктерін қайтадан ашқан.

Тараптар ең соң екі ел арасында өзара рейстер бастау жөнінде келісім жасаған.



Ұқсас жаңалықтар