Израиль премьер-министрі Жоғары сотта түсініктеме берді

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху табиғи газ қойнауларын игеру лицензиясына байланысты Жоғары сотта түсініктеме берді.

432685
Израиль премьер-министрі  Жоғары сотта түсініктеме берді

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху табиғи газ қойнауларын игеру лицензиясына байланысты Жоғары сотта түсініктеме берді.

Нетаньяху елге шығын келтіргені үшін өзіне бағытталған айыптауды мойындамады.

Израиль маңында 5 жыл бұрын табылған табиғи газ қойнауынан газ шығару құқығы желтоқсан айында қол қойылған келісіммен бір Америка компаниясына және Израильдің серігіне берілді.

Келісім елде дау-таласқа жол ашты.

Оппозиция премьер-министрі Нетаньяхуды Бәсеке кеңесінің рұқсатынсыз келісімге қол қойды деп айыптады.

Бәсеке кеңесі де газ шығарудың бір ғана компанияға берілуінің нарықта монополияға және бағаның жоғары болуына жол ашатынын айтып, ескерту жасады.

Оппозиция мен кейбір үкіметтік емес қоғамдар Жоғары сотқа өтініш беріп, келісімге наразылық білдірді.

Нетаньяху осылайша Жоғары сот алдында түсініктеме берген тұңғыш Израиль премьер-министрі болды.

Нетаньяху сотта: «Осы келісімді жасамағанда, табиғи газды жауларымыздан алар едік» деді.

Нетаньяхуға ешбір сұрақ қойылмады.




Ұқсас жаңалықтар