Ватикан түрік зерттеушілерге мұрағатын ашты

Монсеньор Бруж «Мұрағатқа қызығатын жастар бізге каталогтарды қалыптастыру үшін көмек берсе, қуанар едік» деді.

430945
Ватикан түрік зерттеушілерге мұрағатын ашты

Ватикан түрік зерттеушілерге мұрағатын ашты.

Ватикан кітапханасы мен Жасырын мұрағат төрағасы Монсеньор Бруж Ватиканның мұрағаттарының қақпасының түрік зерттеушілерге ашық екенін айтты.

Монсеньор Бруж «Мұрағатқа қызығатын жастар бізге каталогтарды қалыптастыру үшін көмек берсе, қуанар едік» деді.

Стамбулда Мимар Синан Көркемөнер университетінде «Ватикан кітапханасы және жасырын мұрағаты» атты жиналысқа қатысқан Бруж Ватикан кітапханасының адам баласына қызмет ететінін айтты.

Бруж: «Қолымыздағы жазба дерек көздердің ең байырғылары 3-ғасырда жазылған қолжазбалар. Мұрағат ісі 17-ғасырда жүзеге аса бастаған. Біз бұларды жасырын мұрағат деп атаймыз. Осы «жасырын» деген сөз көптеген жазуға түсініксіз болып келді. Мысалы Дон Броун атты жазушы бір роман арқылы көп табыс тапты. Ал ол өзі мұрағатқа еш келмеген еді. Бұл жазушы шіркеудің көптеген құпияны білетінін, бұларды жасырын отырғанын меңзейді. Негізінде бұл «жасырын» сөзі Папаға қолжетімді құжаттар деген мағынаға келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар