Индонезияда әскери шабуыл ұшағы құлады

Бір үйдің төбесіне құлаған ұшақтың 2 ұшқышы қаза тапты.

430174
Индонезияда әскери шабуыл ұшағы құлады

Индонезия әуе күштері қолбасшылығына тиесілі бір ұшақтың Ява аралында бір үйдің төбесіне құлауы нәтижесінде 2 ұшқыш қаза тапты.

Шығыс Ява аймағының Маланг қаласындағы Абдул Рахман Салех атты әуе базасы маңында оқу-жаттығу мақсатты ұшқан ұшақ құлаған үйдегі 1 адам жарақат алды.

Бразилия өндірген «Embraer EMB 314 Super Tucano» типі шабуыл ұшағының құлау себебін анықтау үшін аймаққа әскери сараптаушылар жіберілді.

Маланг Индонезияның астанасы Джакартаның 850 шақырым шығысында орын алады.



Ұқсас жаңалықтар