Польша премьер-министрі венгр әріптесімен бас қосты

Кездесу барысында салмақты түрде Еуропадағы босқын дағдарысы қолға алынды.

429270
Польша премьер-министрі венгр әріптесімен бас қосты

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Грекияның Еуропаны көш толқынына қарсы қорғай алмағанын, сондықтан шекараларда жаңа қорғаныс желілері құру керектігін атап айтты.

Польша премьер-министрі Беата Шидло ресми сапар үшін барған Бухарестте венгр әріптесі Виктор Орбанмен бас қосты.

Кездесу барысында салмақты түрде Еуропадағы босқын дағдарысы қолға алынды.

«Еуроодақтың оңтүстік шекараларының қорғаныссыз қалғанын» алға тартқан Орбан Болгария-Грекия шекараларында жаңа бір қорғаныс желісі құру керектігін білдірді.

Виктор Орбан соңғы кезеңде медиа және сотқа қатысты кейбір заңдық реттеулер себепті Еуроодақпен мәселелі Польшаға қолдау берді.

Орбан екі ел арасындағы ынтымақтастықты жетілдіретіндерін жариялады. Польшада Венгрияны саяси және экономикалық салаларда қолдайтындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар