Қытайда бүгін жаңа жыл

Қытай жұрты бүгін Жаңа жыл-Мешін жылын қарсы алып жатыр

428747
Қытайда бүгін жаңа жыл

Қытай жұрты бүгін Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл-Мешін жылын қарсы алып жатыр.

Қытайда 8 ақпан күнін әрі жаңа жылдың, әрі көктемнің басталуының бірінші күні ретінде қабылдауда.

Қытай қалаларының көшелерінде адамдар кештен бастап түні бойы салюттар мен отшашулар атып, мерекені қуанышпен тойлау үстінде. Сенім бойынша, Жаңа жыл мерекесін осылай өткізу жын-перілерді қуып, ел тұрғындарына алдағы жылды бақытты өткізетіндеріне үміт сыйлайды.

Қытайда «Чуньцзе» деп аталатын көктем мерекесін ел тұрғындары дәстүрлі түрде отбасымен, жақындарымен тойлайды. Жаңа жылдың алғашқы бірнеше күнін міндетті түрде туыстармен өткізу қажет. Аптаға созылатын тойлау кезінде үстел басындағы дәстүрлі отырыстар болады--ас мәзірінде міндетті тағам-тұшпараны бүкіл отбасы болып әзірлейді.

Әр жылы 21 қаңтар мен 21 ақпан арасындағы жаңа ай жаңа жылдың да бастамасы ретінде қабылдауда.

«Чуньцзе» мерекесі Малайзия, Индонезия, Жапония және Филиппин сынды көптеген Азия елдерінде құттықталуда.



Ұқсас жаңалықтар