Калифорниядағы шабуылда 14 адам қаза тапты

Шабуылда Сан-Бернардода мыңдаған мүгедекке қызмет көрсеткен әлеуметтік мекемені нысанаға алынды.

398934
Калифорниядағы шабуылда 14 адам қаза тапты

АҚШ-тың Калифорния штатында болған қарулы шабуылда соңғы мағлұматтарға қарағанда 14 адам қаза тапты, 18 адам жарақат алды. Олардың бесеуінің жағдайы ауыр. 
Шабуылдаушылар ұзақ атымды қарулармен ғимаратқа басып кіріп, жан-жаққа оқ жаудырды.
Қауіпсіздік күштері қара бір көлікпен оқиға орнынан қашқан шабуылдаушылардың ізіне түсті.
Күдікті көлікті тапқан топтар операция бастады.
Полиция ізіне түскен көліктегі біреуі әйел екі адамды өлтірді, қашқан 1 күдіктіні де тергеуге алды.
Оқиға орнына бомба жою мамандары жіберілді.
FBI оқиғаның лаңкестік шабуыл болып болмағанын әлі анықтай алмай отыр.
АҚШ президенті Барак Обама мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жауапты барлық мекемелердің бірдей жұмыс атқару керектігін меңзеді.
Қауіпсіздік мекемелері Калифорнияда халыққа үйлері мен жұмыс орындарынан сыртқы шықпауы жайлы ескерту жасауда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар