Ұлыбритания Сирияда ДАИШ-ке қарсы коалицияға қосылды

Парламентте қабылданған шешіммен коалицияға қосылған Ұлыбритания алғашқы нысаналарын бомбалады.

398609
Ұлыбритания Сирияда ДАИШ-ке қарсы коалицияға қосылды

Ұлыбритания парламентінде кеше 10 сағатқа жалғасқан отырыстың артынан халықаралық коалицияның Сирияда террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы әуе операциясына Ұлыбритания Әуе күштерінің қатысуы жөнінде шешім қабылданды.
397 депутат жобаға қолдау дауысы берсе, 223 қарсы дауыс шықты.
Оппозициядағы Жұмысшы партиясы депутаттарының 66-сы жобаға «қабылдау» дауысы берді.
Шешімнің қабылдануының артынан Оңтүстік Кипрдағы ағылшын базасы Ағротурдан соғыс ұшақтары көтерілді.
Ағротурдан көтерілген 4 Торнадо жойғыш ұшағының екеуі, шамамен 3 сағат өткен соң нысанларын бомбалап қайта оралды.
Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы ұйымдастырылған әуе операциясының Ирак жағына өткен жылдың қыркүйек айынан бері қолдау берген Ұлыбритания Сириядағы ДАИШ нысаналарын жою үшін Оңтүстік Кипрдағы әуе базасын қолданатын.
Ұлыбританияның бұл базада 8 реактивті ұшағы қызмет етеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар