"Әрбір елдің өз жерін қорғауға құқығы бар"

Ангела Меркель мәжілісте сөйледі.

422169
"Әрбір елдің өз жерін қорғауға құқығы бар"

Германия премьер-министрі Ангела Меркель түрік әуе кеңістігін бұзған орыс соғыс ұшағының құлатылуына байланысты «әрбір елдің өз жерін қорғау құқығы бар екенін» айтты.


Меркель мәжілістегі бюджет талқылауы барысында сөйлеген сөзінде Сириядағы дағдарыста шын шешімнің саяси шешім болатынын білдіріп, «Түркияның орыс ұшағын құлатуы әрине, жағдайды асқындырды. Келіспеушіліктің болмауы үшін қолымыздан келгенді жасауымыз керек. Әрбір елдің өз жерін қорғау құқығы бар» деді.


Меркель кеше премьер-министр Ахмет Давутоғлумен телефон арқылы сөйлескенін және келіспеушіліктің қызуын төмендетуін сұрағанын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар