Украинада ДАИШ сигналы берілді

Президент Петр Порошенко тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

366471
Украинада ДАИШ сигналы берілді

Президент Петр Порошенко Парижде жұма күні болған лаңкестік шабуылдың артынан террор ұйымы ДАИШ-тің Украинада да террор шабуылы жасай алатыны жөнінде ақпарат түскенін білдірді.
Порошенко террорист топтармен байланысы бар адамдардың елге жаңа қауіптер туғызғанын атап көрсетті.
Украина басшысы «Париждегі шабуылдың артынан Исламшыл террористтер мен Украинадағы адамдар арасында байланыс болуы мүмкін екені жөнінде ақпарат алдық. Мұның артынан мен де рисктер және қауіптердің қайта тексерілуі үшін нақты тапсырмалар бердім» деді.
Порошенко болуы ықтимал террор шабуылы үшін қауіпсіздік күштеріне тапсырма берілгенін атап көрсетілді.
Ішкі істер министрі Арсен Аваков болса қауіпсіздік күштерінің Киев, Днепропетровск, Львов және Харьков қалаларына лаңкестік шабуыл дайындықтары жасалғаны жөнінде ақпарат бар екенін мәлімдеген еді. Аваков террор шабуылдарының қай топтар тарапынан жоспарланғаны жайлы терең мағлұмат бермеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар