Орыс соғыс ұшақтары Халебке әуе шабуылы ұйымдастырды

Орыс жойғыш ұшақтарының шабуылында 13 жазықсыз адам қаза тапты.

362817
Орыс соғыс ұшақтары Халебке әуе шабуылы ұйымдастырды

Орыс жойғыш ұшақтарының Халебте оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға ұйымдастырған шабуылында 13 жазықсыз адам қаза тапты.
Ондаған адамда жарақат алған шабуылда көптеген ғимараттың қирағаны білдірілді.
Соңғы күндері орыс әуе шабуылдары Халеб, Хомус және Хаманың солтүстігінде шоғырланды.
Халеб, Хама және Лазкийе төңірегінде оппозиционерлермен Сирия армиясы арасында қақтығыстар да артты.
Оппозиционерлер Хаманың солтүстігіндегі стратегиялық маңызға ие Тел-Осман және Женабре ауылын бақылауға алды.
Ақпарат көздері Иран төңкеріс сарбаздарының қолбасшыларының бірі полковник Иззетуллах Сүлеймани және Сеййид Сежжад Хүсейни Сириядағы қақтығыстарда қаза тапты.
Иранның ресми хабар агенттігі ИРНА-ның хабарына қарағанда екі қолбасшы да «Мухаррем операциясында» қаза тапты.
Ресей президенті Владимир Путиннің Орташығыс және Африка арнайы өкілі және Сыртқы істер министрі орынбасары Михайл Богданов кеше жаңа Сирия келіссөздерінің келесі апта Мәскеуде жүзеге асатынын Сирия әкімшілігі мен оппозиционерлерді шақыруды жоспарлағандарын айтқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар