Еуропа босқын дағдарысымен арпалысуда

Қазан айында Еуропаға теңіз арқылы келген босқын саны рекорд деңгейге жетті.

408895
Еуропа босқын дағдарысымен арпалысуда

Қазан айында Еуропаға теңіз арқылы келген босқын саны рекорд деңгейге жетті.


Биылғы жылдың қазан айында 218 мыңнан астам босқын теңіз жолы арқылы Еуропаға жетті.


БҰҰ Босқындар жоғары комиссариаты тек өткен ай Еуропаға теңіз арқылы келген босқын санының 2014 жылы келген босқындардың санымен тең екенін хабарлады.


Қыркүйек айында да бұл сан 173 мың еді.


БҰҰ биыл және 2016 жылы шамамен 700 мың босқынның теңіз арқылы Еуропаға келетінін болжап еді.


Бұл көрсеткіш 2015 жылы қазірден-ақ 744 мың болды.


Ауа райы салқындағандықтан босқындар теңіз арқылы келмейді деп болжалып еді, алайда үрленген қайықтармен Жерорта теңізі және Эгей теңізі арқылы қауіпті сапарлар жалғасуда.
Осы арада грек жағалау күштері Эгей теңізінде құтқару операциясын жүргізді. 300-ден астам босқын тасыған қайық батып, 43 адам қаза тапты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар