Ресейдің әуе шабуылдарында 64 адам қаза тапты

Сирияда Асад күштері мен Ресейдің әуе операциялары бар күшімен жалғасуда.

406284
Ресейдің әуе шабуылдарында 64 адам қаза тапты

Орыс жойғыш ұшақтарының Халебте соңғы 24 сағатта жасаған операцияларында 64 адам қаза тапты.
Басқа жағынан террор ұйымы ДАИШ болса Мехин аймағын қолға түсірді.
Террор ұйымы ДАИШ Сирияның Хомус уәлаятында режимнің бақылауындағы және тұрғындарының көпшілігі христиан болған Мехин аймағын бақылауға алды.
Жергілікті ақпарат көздері ДАИШ-тің бомба жүктелген екі көлікпен аймаққа шабуыл ұйымдастырғаны, Мехин аймағы кірісіндегі бөгеттерді толығымен жойып, үкімет ғимараттарын бақылауға алғаны атап көрсетілді.
Ақпарат көздері көбінесе христиандар өмір сүрген Мехин аймағын қолға түсірген ДАИШ-пен режим күштері арасында қарқынды қақтығыстар болғаны және аймақ тұрғындарының басқа аймақтарға қашқанын атап көрсетеді.
Террор ұйымы ДАИШ Хомус ауылдық аймағындағы Жезел мұнай алаңын мен айналасындағы 2 төбені қолға түсірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар