Сирияда террор ұйымы ДАИШ-ке үлкен соққы берілді

Хамада ДАИШ-тің 16 көліктен тұратын керуеніне әуе шабуылы ұйымдастырылды.

355660
Сирияда террор ұйымы ДАИШ-ке үлкен соққы берілді

Сириялық оппозиционерлердің мағлұматтарына қарағанда Хамада сенбі күнін жексенбі күніне байланыстырған түні ДАИШ-тің 16 көліктен тұратын керуеніне әуе шабуылы ұйымдастырылды.
Раккадан Хаманың ауылдық аймағына бара жатқанда бомбаланған керуендегі кем дегенде 40 террорист қаза тапты.
Оппозиционерлер шабуылдың орыс немесе Сирия соғыс ұшақтары тарапынан жасалуы мүмкін екенін білдірді.
Ресейдің әуе шабуылы себепті ДАИШ-тің Раккадан шегінуге дайындалғаны атап көрсетілді.
Ресей Қорғаныс министрлігі Лазкийе, Хама, Дамаск және Халепте 50-ден астам нысананы жойғандарын осылар арасында туннельдердің де бар екенін білдірді.
Оппозиционерлер болса Хомуста орыс ұшақтарының бір жаназа рәсіміне жиналған адамдарды бомбалағанын, 4 жазықсыз адамның қаза тапқанын атап көрсетті.
Сирия әскерлері болса Хомус аймағында орыс ұшақтарының қолдауында жаңа бір операция бастады.
АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон да Сирияда ұйымдастырғандары әуе шабуылында Әл-каидамен байланысты Хорасан тобының қаржы жұмыстарына жауапты басшысы Сенафи әл-Насрдың өлтірілгенін жариялады.
Сауд Арабиясы азаматы әл-Наср шығанақ аймағында жинаған ақшаларды Әл-каидаға жеткізіп, ұйымға сарбаз жинатын.
Әл-Наср Хоросан тобының соңғы 4 айдың ішінде өлтірілген 5-ші жоғары деңгейдегі лауазымдысы.
Басқа жағынан Сириядан Ирактың Энбар қаласына 3 әскери көлікпен кірген ДАИШ ұйымы мүшелеріне және Рамадиге қарасты Әл-Каим ауданында да ұйымға тиесілі бір қару-жарақ қоймасына жасалған шабуылда 11 қолбасшы мен 65 ұйым мүшесі өлтірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар