Папа Франциск БҰҰ Жалпы Кеңесінде баяндама жасады

Папа Франциск қаржы мекемелерін сынға алды.

392261
Папа Франциск БҰҰ Жалпы Кеңесінде баяндама жасады

Папа Франциск кедей мен қоршаған ортаны қорғайтын одан гуманитарлық жаһандық бір жүйе орнатуға шақырды.
Папа БҰҰ Жалпы Кеңесінде жасаған баяндамасында халықаралық қаржы мекемелеріне тиісті, кедей мемлекеттердің ауыр шарттарда қиналуын сынға алды.
Папа Франциск «Одан көп әділетке қажеттілік, әсіресе басқару күшін қолында ұстаған Қауіпсіздік кеңесі, қаржы мекемелері және экономикалық дағдарыспен күресу үшін құрылған мекемелер ортаға шығады» деді.
Жалпы Кеңесте жасаған баяндамасында экономикалық тәртіпті сынға алған Папа «Халықаралық қаржы мекемелері елдердің жалғастыра аларлық өркендеуіне назар аударып, кедейлерді қарызбен езбеуі керек» деді.
Папа БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі және халықаралық қаржы мекемелерінің реформа жасауын талап етіп, қазіргі қарыз жүйесінің қарыз алған мемлекеттерді одан кедей және бағынышты қылғанын тіпті шеттеткенін алға тартты.
Қоршаған орта тақырыбына да тоқталған Папа Франциск «меншіл, шексіз бір күшпен материалист ұстаным, табиғи ресурстарды жоюда» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар