Йеменде коалиция күштері құрлық соғысын бастады

Құрлық соғысына Мариб қаласының шетінде жиналған 12 мың коалиция күші әскері қатысуда.

349435
Йеменде коалиция күштері құрлық соғысын бастады

Йеменде билікті бақылауында ұстаған хоуситтер Сауд Арбиясының Нежран уәлаятында 5 сауд әскерді өлтірді.
Басқа жағынан Йеменде Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері хоуситтермен тұңғыш рет құрлықта соғысты.
Бір апта үздіксіз әуе шабуылы жасаған коалиция күштері хоуситтерге қарсы тұңғыш құрлық операциясын бастады.
Алдымен Йемен елбасы Мансур Хади жақтастары Мариб қаласын кері қайтару үшін қозғалды.
Коалиция күштері болса жаңа операцияны уақыт жоғалтпай бастады.
Астана Сананың шығысындағы Мариб қаласының шетінде жиналған 12 мың коалиция күші әскері Сауд және Біріккен Араб Әмірліктерінен сауытты көліктермен құрлық операциясын бастады.
Хоусидтерге бағытталған шабуылдарға «Апачи» типі тікұшақтар қолдау беруде.
Сауд лауазымдылар «бұл әлі бастама» деген пайым жасады және нысаналарының Сана екеніне назар аударды.
Мамандар болса соңғы қақтығыстардың Йеменде соғыстың маңызды бір кезеңі болатынын атап көрсетті.
Операция алдында Хади жақтастары Оманда Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бақылауында осы апта өткізілуі жоспарланған бейбітшілік келіссөздеріне қосылатындарын білдірсе кейіннен келіссөздерден бастартты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар