Мекеде 107 адам қаза тапты

Мекеде кранның құлауынан көп адам қаза тапты.

348624
Мекеде 107 адам қаза тапты

Меккедегі Әл-Харам мешітінде құрылыс краны құлады. Сауд Арабиясы өкімет орындарының мәліметтері бойынша 107 қажы қаза тапты, 240 қажы үміткері ауыр жарақат алды.
Осы апаттан түрік азаматтары да зиян шекті. Екі қажы үміткері мерт болды, 19 қажы үміткері де жараланды.
Әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттерде мешіттің төбесін тесіп өткен қызыл-ақ түсті кранның бір бөлігі көрінеді.
Кейбір суреттерде қайғылы оқиғаның көптеген құрбандарының денелері түсірілген, мешіт еденінде қан ағып жатыр.
Кран мешіттің шығыс бөлігіне қатты жел мен жаңбырдың салдарынан құлаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар