Ресейдің Сирия режиміне берген қолдауы АҚШ-ты алаңдатуда

Вашингтон әкімшілігі Сирия режиміне Ресей берген қолдауды "аса қауіпті бір қадам" ретінде атайды.

376756
Ресейдің Сирия режиміне берген қолдауы АҚШ-ты алаңдатуда

Мәскеу әкімшілігінің Сирия режиміне қолдау үшін бұл елге ұшақ жіберу шешімі қабылдағаны жайлы жаңалықтар Вашингтон әкімшілігін алаңдатуда.
Ақ үй мәлімдемешісі Джош Эрнест Ресейдің бұл бағытта басқан қадамын Сириядағы қақтығыстарды арттыратыны уайымымен тілге тиек етті.
Бұл жағдайдың одан көп сириялықтың қаза табуына себеп болатынын айтқан Эрнест келімсектер санының да арту ықтималына назар аударды.
Эрнест ДАИШ-пен күрескен коалициямен бетпе-бет қалу рискіне де назар аударды.
Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби де «Сириядағы қақтығыстар тақырыбында Ресей ортаға қоятын ең жақсы ұстаным күдіксіз Асадқа берген қолдауды тоқтатуы» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар