ДАИШ Хомуста кейбір аймақтарды бақылауға алды

Сириядағы ішкі соғыс жалғасуда.

376778
ДАИШ Хомуста кейбір аймақтарды бақылауға алды

Террор ұйымы ДАИШ елдегі құм дауылын пайдаланып, Хомустың солтүстігіндегі 6 әскери бекет пен бір мұнай өңдеу зауытын қолға түсірді.
Қаланың шығысында болса ДАИШ пен Асад күштері арасында қарқынды қақтығыстар жалғасуда.
Хомус жергілікті баспасөзі елдегі құм дауылын пайдаланған оппозиция күштерінің Хомустың солтүстігіндегі Ғылыми зерттеу орталығына шабуылдап, 40 режим әскерін өлтіргенін жариялады.
Фатх армиясына қарасты жасақтар Идлиб ауылдық аймағында Асад күштерінің бақылауындағы Эбу Духур әскери әуежайын бақылауға алды. Араларында жоғары деңгейдегі офицерлер бар көптеген режим әскерінің кепілдікке алынғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар