Орыс ұшақтарына кедергі

АҚШ Грекиядан әуе кеңістігін қолдандырмауын талап етті.

376497
Орыс ұшақтарына кедергі

Америка Құрама Штаттары НАТО-ға мүше Грекиядан әуе кеңістігін Сирияға ұшқан орыс ұшақтарына қолдандырмауын сұрады.


Грекия Сыртқы істер министрлігі осы талапты қарайтындарын мәлімдеді.


Ресей президенті Путин жұма күні орыс жасақтарының ДАИШ-ке қарсы күреске көмек көрсету мақсатымен Сирияға орналастырылуы тақырыбында мәлімдеме жасаған еді.


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Сирияға баратын әскери жасақтарына деген уайымын тілге тиек еткен болатын.


Сириядағы азаматтық соғыстың басынан бері Асадты қолдап отырған Ресей ДАИШ-ке қарсы күресте Асад әкімшілігін де қамтитын бір коалиция құрылуын сұрайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар