БҰҰ Қоршаған орта министрлері жиналысы Парижде өтті

Фабиус: Жаһандық ысыну соңғы 2 жылда рекорд деңгейге ұласты.

375716
БҰҰ Қоршаған орта министрлері жиналысы Парижде өтті

Желтоқсан айында ұйымдастырылатын БҰҰ Климат өзгерісі конференциясы алдында Қоршаған орта министрлері Францияның астанасы Парижде басқосты.
Жиналысқа қонақжайлық жасаған Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус қоршаған орта тақырыбындағы сезімсіздікке назар аударды.
Соңғы екі жылда жаһандық ысынудың рекорд деңгейге ұласқанын атап көрсеткен Фабиус жаңа шаралар қабылданбаған жағдайда 2020 жылынан бастап әлемнің үлкен ысыну мәселесімен бетпе-бет қалатынын жеткізді.
БҰҰ Климат өзгерісі конференциясы төрағасы Перу Қоршаған орта министрі Мануэл Видал болса жиналыста айтқан сөзінде «Әлем үшін қауіптің қоңыраулары соға бастады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар