Асад күштері жазықсыз адамдарды бомбалады

Сирия армиясы Дамаск пен Идлибде жасалған шабуылда 12 жазықсыз адам қаза тапты.

375577
Асад күштері жазықсыз адамдарды бомбалады

Сирия армиясы Дамаск және Идлиб қалаларындағы оппозиционерлерге сорғыш бомба және ішіне жарылғыш орналастырған қоқыс контейнерімен шабуылдады. Жарылыстарда 12 жазықсыз адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды.
Армияға тиесілі жойғыш ұшақтар астана Дамасктың Шығыс Гута аймағында билікке бағынбаған топтың бақылауындағы Арбин ауданында тұрғындарға бомба жаудырды.
Шабуылда 6 жазықсыз адам қаза тапты. Ондаған адам жарақат алған шабуылда үш ғимарат толығымен қирады.
Идлибтің оңтүстігіндегі Эриха ауданында да армияға тиесілі тікұшақтар тұрғын аймақтарды бомбалады. Осы шабуылда жазықсыз 6 адам қаза тапты, көптеген адам да жарақат алды.
Шабуылда 6 ғимарат жермен-жексен болса, көптеген ғимаратқа материалды зиян келді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар