13 миллионнан астам бала білім алудан мақұрым

Сирия, Ирак, Йемен мен Ливияда 9 мың мектеп қолданылмайтын жағдайда.

373870
13 миллионнан астам бала білім алудан мақұрым

ЮНИСЕФ: «Таяу Шығыста 13 миллионнан астам бала білім алудан мақұрым»


ЮНИСЕФ-тің есебіне қарағанда Сирия, Ирак, Йемен, Ливия және Суданда мектеп шағындағылардың шамамен 40 пайызы білім алудан мақұрым қалған. БҰҰ осы көрсеткіш келесі айларда 50 пайызға көтеріледі деп есептейді.


Сирия, Ирак, Йемен мен Ливияда 9 мың мектеп қолданылмайтын жағдайда.


Сирияда 2011 жылдың наурыз айынан бері әрбір 4 мектептің бірі жабылды және 2 миллионнан астам бала білім ала алмайды.


Мәлімдемеде «Аймақта адам өлтіру, адам алып қашу және оқушылардың, мұғалімдердің тұтқындалуы қарапайым, күнделікті іске айналды» деп айтылған.


Мыңдаған мұғалім қақтығыстан қашып, қызметін тастап кеткен. Балалар да отбасына көмектесу үшін жұмысқа тұрған.


ЮНИСЕФ мектепке бармайтын балалардың көбінің соғысқа қатысқанын айтады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар