Қытай Жеңіс күнін тойлауға дайындалуда

Назарбаев Қытайда.

372606
Қытай Жеңіс күнін тойлауға дайындалуда

3 қырқүйекте Тяньанмэн алаңында салтанатты парад рәсімі өтеді.
Қытай Халық Республикасы 3 қыркүйек бейсенбі күні Пекинде Тяньанмэн алаңында Екінші Дүниежүзілік соғысының аяқталуының 70 жылдығында Жеңіс күніне арналған әскери парад рәсіміне дайындалуда.
Ресей Президенті Путин 2 қыркүйек күні осы рәсім үшін Пекинге барады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресімге қатысудан бұрын Қытай еліне сапарын бастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев және ҚХР төрағасы Ши Жинпинь тегіс қамтылған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туралы Бірлескен декларацияға қол қойды. Сондай-ақ екі ел басшыларының қатысуымен 11 екіжақты үкіметаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылды.
Екіжақты келіссөздер барысында Си Цзиньпин айтқандай, Бірлескен декларация бұған дейінгі екіжақты қарым-қатынастың қорытындысы және келешектегі ынтымақтастық үшін жасалған бағдарлама іспеттес.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні Елбасы қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.
Осы мерейтойға Оңтүстік Корея лидерлері мен аймақ елдерінің үкімет және мемлекет басшылары қатысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар