Венгрия заңсыз мигранттарға қарсы шара қолдануда

Сербия шекарасына салына бастаған 175 километрлік сым қабырғаның құрылысы жылдамдады.

369530
Венгрия заңсыз мигранттарға қарсы шара қолдануда

Тарихындағы ең көп мигрант ағынына ұшыраған Венгрия заңсыз көштің алдын алу үшін Сербиямен шекарасына қабырға тұрғызуды жалғастыруда.


Грекия және Македония арқылы Сербияға жеткен мыңдаған босқын Еуропа Одағына мүше Венгрияға жетуге тырысады.


Осыншама көп босқын Будапешт әкімшілігін қозғалысқа салды.


Венгрия Сербия шекарасына салына бастаған 175 километрлік сым қабырғасының құрылысын жылдамдатты.


Сым қабырға 17 маусым күні салына бастаған еді. 31 тамыз күні аяқталады.


Елге 2015 жылдың тамыз айының басында 110 мың босқын өтініш берген. Дүйсенбі күннің өзінде 2100 босқын келіп жеткен.


Еуропа Одағы басшылары болса Венгрияға көмектесуге дайын екенін хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар