Лавров Халид Хожамен кездесті

Сирия шешімі үшін Ресей талпыныс жасауда

326606
Лавров Халид Хожамен кездесті


Сирия дағдарысына шешім табу үшін Ресейдің дипломатиялық талпыныстары жалғасуда.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия оппозиция және төңкерісшіл күштер ұлттық коалициясы төрағасы Халид Хожамен кездесті.
Лавров АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен де телефон арқылы сөйлесті.
Лавров пен Керри Сирия дағдарысына шешім табу тақырыбында оппозиция және үкімет өкілдерінің бір үстелде отыруы үшін керекті жағдайларды қолға алды.
Давровтың Сирия оппозиция және төңкерісшіл күштер ұлттық коалициясы төрағасы Халид Хожамен кездесуінде де Сирия оппозицияның бір шаңырақ астында бірлесуі және терроризмге қарсы күресу тақырыбы талқыға салынды.
Лавров мемлекетінің Батыс және Орташығыс елдерімен бірге терроризмге қарсы ортақ күресуге дайын екенін айтты.
Сириядағы ішкі соғыстан Асад әкімшілігінің жауапты екенін баяндаған Хожа да кең көлемді үкіметте Асадтың орын алуына қарсы болғандарын қайталады.
Мәскеу Сирияда әскери шешімге қарсы шығуда.
Ресей, Ирак және Сирия үкіметтері күрд әкімшіліктері және аймақтық күштерінің ортақ бір коалиция құрып, террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күресуін талап етуде.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар