Террор ұйымы ДАИШ Сирияда 37 оппозиционерді өлтірді

Халеб маңында жасалған шабуылдың артынан 20 оппозиционердің жоғалғаны білдірілді.

320902
Террор ұйымы ДАИШ Сирияда 37 оппозиционерді өлтірді

Сириялық оппозицияның үні ретінде Сирия бақылау үйі мәлімдемесіне қарағанда ДАИШ мүшелері Халебтің солтүстігіндегі Умм Хуш ауылына жанкешті шабуыл ұйымдастырды.
Қарқынды қақтығыстардың артынан ауылды қолға түсірген ДАИШ мүшелері 37 оппозиционерді өлтірілді. Ауылда екені белгілі 20 оппозиционер із-түссіз жоғалды.
Террористтер қазір оппозиционерлердің стратегиялық 3 ауылын қолға түсіруге тырысады.
Оппозиционерлер Шахл әл-Габ тегістігінде Асад режимімен қақтығысуда.
Лазкийеге көрші болған бұл аймақта көптеген ауыл оппозицияның бақылауында.
Оппозиционерлер Джурин аймағын қолға түсірген жағдайда Лазкийенің таулық аймағына жетіп алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар