ДАИШ Мысырда бір хорват азаматты алып қашты

ДАИШ жариялаған бейне таспада түрмедегі әйелдер босатылмаған жағдайда хорват азаматының өлтірілетіні білдірілді.

317057
ДАИШ Мысырда бір хорват азаматты алып қашты

Террор ұйымы ДАИШ-тің Мысыр тармағы түрмелердегі террор ұйымы мүшесі әйелдер 48 сағаттың ішінде еркін жіберілмеген жағдайда хорват азаматты өлтіретінін білдірді.
Ұйым осы мәлімдемені 30 жасар хорват азаматы Томислав Салопектің де көрінісі орын алған бейне көрініспен жариялады.
Бейне таспада бір ДАИШ мүшесінің алдында тізе бүккен Салопек үйлі және екі баласы бар екенін айтып, құтылғысы келгенін білдіреді.
Салопек Мысыр әкімшілігіне қамаудағы әйелдердің еркін жіберілуі үшін шақыру тастауда.
Бір француз құрылыс фирмасында жұмыс істейтін Салопекті 22 шілде күні алып қашқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар