Лавров АҚШ-ты сынға тартты

Лавров Сирия әкімшілігін жалғасты қолдайтынын баяндады

314214
Лавров АҚШ-ты сынға тартты

Катардың астанасы Дохада сапарда болған Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия тақырыбында Америка Құрама Штаттарын қатал түрде сынға тартты.
Лавров Вашингтон әкімшілігінің Асадты құлату саясатының террор ұйымы ДАИШ-пен күресуге тосқауыл болғанын алға тартты.
Осы жағдайдың халықаралық құқыққа қайшы екенін түсіндірген Лавров Вашингтон әкімшілігінің осы тұғыр салдарынан ДАИШ және Әл-Нусрамен күресу үшін халықаралық бір шеп құрылуының мүмкін емес екенін пайымдады.
Сирия әкімшілігін жалғасты қолдайтынын баяндаған Лавров Ақүй мәлімдемешісінің «Асадқа қарсы оппозиционерлерді қолдау үшін жаңа қадам басамыз» деген сөздерінің қабылдауға болмайтынын білдірді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар