Әлемге танымал Климат ғалымы жаһандық ысыну ескертуі жасады

Хэнсон бүкіл әлем басшыларына жаһандық апатқа қарсы ескерту жасады.

384099
Әлемге танымал Климат ғалымы жаһандық ысыну ескертуі жасады

Климат маманы Джаймс Хэнсон жаһандық ысыну 2 градус артқан жағдайда теңіз деңгейінің 3 метрдей көтеріле алатынын атап көрсетті.

Джаймс Хэнсон және 16 ғалым қатысқан зерттеуде мыңдаған жыл бұрын орташа температураның 1 градустық артуы нәтижесінде теңіз деңгейінің маңызды мөлшерде көтеріліп, қарқынды борандар шығуына жол ашқаны еске салынды.
Жаһандық ысынуға себеп болған зиянды газ өндірісін азайту үшін қабылданған шаралар жеткіліксіз болғанын ескерткен Хэнсон «Гренландия мен Антарктидадағы мұз қабаттары жылдам еруде» деді.
Мұз қабаттарының еруі мұхиттардағы су мөлшерінің артуына және теңіз деңгейінің көтерілуіне себеп болуда.
Хэнсон «Теңіз деңгейіндегі судың артуымен байланысты соңғы мәліметтер әлем басшыларына жаһандық дағдарыспен бетпе-бет екеніміз шындығын көрсетеді. Зиянды газ өндірісін тез арада азайту үшін барлық елдер ынтымақтастық жасау керек» деді.
Колумбия Университеті оқытушы профессоры Хэнсон теңіз деңгейіндегі артудың жаппай жоятын қоғамдық және экономикалық септігі болатынына да назар аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар