Террор ұйымы ДАИШ-пен күрес жалғасуда

АҚШ басшылығындағы коалиция күштері Сирия мен Иракта 25 жаңа әуе шабуылы ұйымдастырды.

382458
Террор ұйымы ДАИШ-пен күрес жалғасуда

Операцияларда көптеген ұйым мүшесі өлтірілді. Иракта ДАИШ-тің Анбар уәлаятында қауіпсіздік күштеріне бағытталған шабуылда 15 әскер де қаза тапты.
Ирак армиясы мен коалиция күштеріне тиесілі ұшақтар Әл-Фаллуджеде ДАИШ-ке тиесілі қорғаныстарды бомбалады.
Шабуылда 21 ұйым мүшесі өлтіріліп, ұйымға тиесілі 2 көлікте жойылды.
Қарқынды қақтығыстар жалғасқан Анбарда болса бір ДАИШ қолбасшысы мен 3 орынбасарының өлтірілгені атап көрсетілді.
Сирияда да коалиция күштеріне тиесілі жойғыш ұшақтар Халебтің солтүстігінде террор ұйымы ДАИШ-ті нысанаға алды. Шабуылда ең кемінде 10 ұйым мүшесі өлтірілді.
Басқа жағынан Сирияда Асадқа қарасты жасақтар елдің солтүстігінде орын алған Лазкийе ауылдық аймағында түрікмендерге шабуылдады.
Түрікмен тауындағы (Cebel Et-Türkmen) Аванлы ауылы мен төңірегіне ауыр қарулармен жасалған шабуылда 2 адам қаза тапты, 15 адам да жарақат алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар