Ирак Анкарадан әскери қолдау күтеді

Ирак Сыртқы істер министрі Ибрахим Джафери Анкарада байланыс жүргізді.

380881
Ирак Анкарадан әскери қолдау күтеді

Ирак Сыртқы істер министрі Ибрахим Джафери Анкарада байланыс жүргізді.


Ибрахим Джафери алдымен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен кездесті. Екі жақты қатынастармен бірге аймақтық және халықаралық тақырыптар қаралған кездесуде ДАИШ басты орын алды.


Ирак әсіресе әскери салада Түркиядан қолдау күтеді.


Мевлүт Чавушоғлу баспасөз мәслихатында Ирактағы қамтушы үкіметті қолдайтындарын және бұны әр сатыда атап көрсеткендерін айтып, «Ирактағы проблемалар тақырыбында да қолдауымыз жалғасады» деді.


Түрік министр Ирактың ең үлкен проблемасының ДАИШ террор ұйымымен күрес екенін атап көрсетіп, «ДАИШ террор ұйымы әрі Ирак, әрі Сирия, әрі Түркия үшін үлкен қауіп. ДАИШ террор ұйымымен күресте әрқашан Ирактың және Ирак халқының қасында болдық. Болуымызды жалғастырамыз» деді.


Кездесуде Ирак полициясының дайындалуы да күн тәртібіне келді. Ирак полициясы Түркияда оқытылады, әскери салада «жабдықта-жаттықтыр» қолдауы да жалғасады.


Ирак Сыртқы істер министрі Джафериді президент Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Ахмет Давутоғлу қабылдады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар