Газалық балалар ұмытылмады

Газа секторында контейнерлерде тұрып жатқан балалар үшін ауызашар және ойын-сауық ұйымдастырылды.

378467
Газалық балалар ұмытылмады

Жас журналистер клубы мен соғыстың бала құрбандары форумы Газа секторында контейнерлерде тұрып жатқан балалар үшін ауызашар және ойын-сауық ұйымдастырды.


Израильдің өткен жылғы шабуылында үйлері қираған отбасылар тұрып жатқан контейнерлердегі балаларды мультфильм кейіпкерлерінің киімін киген жастар күлдірді.


Шараға 600 бала қатысты.


Израильдің 7 шілде күні басталған 51 күндік шабуылында көбі бала мен әйелдерден тұратын 2 мың 157 адам қаза тауып, 11 мыңнан астам жарақат алған болатын. Шабуылда айырықша 17 мың 200 үй, 73 мешіт пен 24 мектеп қирады.


БҰҰ деректеріне қарағанда шамамен 500 мың адам үйлерінен кетіп, мектептерде тұруға мәжбүр болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар