Ривлин 2014 жылғы Газа шабуылының әділ екенін мәлімдеді
2014 жылы 7 шілде күнгі шабуылда 2 мың 157 палестиналық қаза тауып, 11 мыңнан астам адам жарақат алған болатын.
2014 жылы 7 шілде күні Израиль Газаға жасаған әскери шабуылдары кезінде қаза тапқан 66 Израиль әскері үшін еске алу рәсімі ұйымдастырды.
Израиль президенті Реувен Ривлин Газа шабуылының «әділ және ақлақтық бір операция» екенін алға тартты.
Израильдің 7 шілде күні Газаға бастаған және 51 күн бойы жалғасқан шабуылдарында көпшілігі әйел мен бала 2 мың 157 адам қаза тапқан, 11 мыңнан астам адам жарақат алған болатын.
Шабуылдарда сондай-ақ 17 мың 200 үй, 73 мешіт және 24 мектеп жойылған, мыңдаған ғимаратқа зиян келген еді. БҰҰ статистикасына қарағанда шамамен 500 мың адам мектептерді паналауға мәжбүр қалған болатын.
Израиль тарапында болса 66 әскер, 4 жазықсыз адам және 1 шетел азаматы жұмысшы барлығы 71 адамның қаза тапқанын жариялаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.