Грекиядағы референдумге халық «жоқ» деп жауап берді

Грекиядағы референдум қорытындысында «болмайды» деген нәтижесі шықты.

333458
Грекиядағы референдумге халық «жоқ» деп жауап берді

Грекияда тарихи референдумнен бей ресми қорытынды бойынша «болмайды» нәтижесі шықты.
Грекияда өткен референдум қорытындысы бойынша сайлаушылардың 61,31%-ы қатаң үнемдеу шараларына «жоқ» деп жауап берсе, қалған 38,69%-ы несие берушілердің талаптарымен келіскен.
Жарамсыз бюллетеньдердің және дауыс беруде қалыс қалғандардың саны 5,8%-ды құрады. Референдум қорытындысын шығаруда жарамды бюллетеньдер ғана есепке алынды. Референдумнен кейінгі Грекиядағы жағдайды талқылауға арналған Евроаймақ елдерінің саммиті 7 шілдеге белгіленіп отыр.
Референдумның қорытындысына риза болған халық қуаныштарын жасырмай, Афины орталығына жиналды. Грекия халқын қолдау мақсатында дәл осындай шара Еуроодақтың өзге де елдерінде ұйымдастырылды.
Референдумнен бұрын халыққа дауыс берулері жөнінде үндеу тастаған премьер-министр Алексис Ципрас қорытындының демократияға тұзақ болмайтынын дәлелдегенін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар