Нигерияда қарулы шабуыл
Катcина полиция лауазымдысы Абубакар Алию Садык шабуыл туралы мәлімдеді.
2155274
Нигерияның Катсина штатында жасалған қарулы шабуылда 7 адам қаза тапты.
Катcина полиция лауазымдысы Абубакар Алию Садык мотоцикл мінген қарулы адамдардың Катсина штатқа қарасты Майдабино ауылында айналаға кездейсоқ оқ жаудырғанын білдірді.
Садык шабуылда 7 адамның қаза тапқанын, көптеген адамның жараланғанын атап көрсетті.
Қауіпсіздік күштерінің аймаққа жіберілген мәлімдеген Садык оқиғаға қатысты тергеу басталғанын да жариялады.
Жергілікті БАҚ оқиғада шабуылдаушылардың ондаған адамды алып қашқанын алға тартты.