Оппозициялық күштер «Халеб жеңісі» атты операция бастады

Сирия оппозициясы Халебті толығымен Асад күштерінен кері қайтару үшін ауқымды операция бастады.

330206
Оппозициялық күштер «Халеб жеңісі» атты операция бастады

Сирияда оппозиционерлер Халебті толығымен Асад күштерінен қайтару үшін «Халеб жеңісі» атымен ауқымды бір шабуыл бастады.
Оппозиционерлер операция барысында Халебтің Джемийет эл-Зехра аумағындағы стратегиялық аймақтармен режим күштеріне тиесілі кейбір әскери бекеттерді бақылауға алды.
Аймақта қарқынды қақтығыстар болып жатқанда біріккен оппозициялық топтар режим күштеріне тиесілі бір танк пен көптеген әскери көлікті жойды.
Басқа жағынан АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон ұзақ уақыттан бері ізіне түскені террор ұйымы ДАИШ басшыларынан Тарык ибн Эл-Авни Эл-Харзидің 16 маусым күні Сирияда ұйымдастырылған бір әуе операциясы кезінде өлтірілгенін жариялады.
Харзидің өлімінің ұйымға үлкен соққы екені атап көрсетілді.
Пентагоннан жасалған мәлімдемеге қарағанда Эл-Харзидің көптеген елде жасалған бомбалы жанкешті шабуылдарды ұйымдастырғаны атап көрсетілді.
АҚШ Харзидің басына 3 миллион доллар бәйге тіккен болатын.
Басқа жағынан АҚШ Қорғаныс министрлігі Иракта ДАИШ-пен күресте Такаддум әскери базасында алғашқы сатыда сүннит тайпалардан таңдалған 500 әскерді жаттықтыру жұмыстарының табысты аяқталғанын жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар