Иракта ДАИШ мүшесі 36 террорист өлтірілді

Ирак қауіпсіздік және коалиция күштері Селахаддин мен Анбар уәлаяттарына шабуылдады.

325378
Иракта ДАИШ мүшесі 36 террорист өлтірілді

Ирактың Селахаддин мен Анбар уәлаяттарында қауіпсіздік күштерімен қақтығысқан ДАИШ мүшесі 36 террорист өлтірілді.
Ирак қауіпсіздік күштері мен халықаралық коалиция ДАИШ-тің Рамади қаласының шығысындағы Хысайбе аймағына бастаған шабуылына тойтарыс берді. Операцияда 17 террорист өлтірілді.
Тикрит пен Бейджи маңындағы операцияларда болса 19 террорист қолға түсті.
Басқа жағынан Бағдаттың солтүстігінде қарулы шиіт топтардан құралған Хашду-ш Шаби лауазымдыларының бірі Эл-Мешхеданиге шабуыл жасалды.
Оқиғада Мешхедани мен қорғаушысы қаза тапты, 2 адам жарақат алды.
Бағдаттың әртүрлі жерлеріне жасалған бомбалы және қарулы шабуылдарда да 6 адам қаза тапты, 13 адам жараланды.
Басқа жағынан Ирак премьер-министрі Хайдар эл-Ибади Бас Штаб төрағасы Бабекир Зебариді зейнетке жіберді.
Зебаридің неліктен зейнетке шығарылғаны жайлы кезкелген бір мәлімдеме жасалмады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар