Австралия террормен күресте маңызды бір қадам басты

Жаңа заң жобасы парламентке ұсынылды.

316507
Австралия террормен күресте маңызды бір қадам басты

Австралия террормен күресте маңызды бір қадам басты.


Федералдық үкімет террор әрекеттіне қатысқан қос азаматтығы барлардың Австралия азаматтығын алып тастауды қамтитын заң жобасын ұсынды.


Миграция министрі ұсынған заң жобасына қарағанда ел ішінде немесе шетелде террор әрекеттеріне араласқандар, террор дайындығынан өткендер, материалдық көмек бергендер, террор ұйымы үшін көмек жинағандардың азаматтықтары автоматты түрде доғарылады.


Жобаға қарағанда, айырықша шетелде террор ұйымына көмектескен немесе отанға опасыздық, тыңшылық, террор қылмысын жасағандар Австралия азаматтығынан шығарылады.


Аталмыш заң арқылы миграция министрі сот үкімісіз қос азаматтығы барлардың Австралия төлқұжаттарын күшінен алып тастай құқығына ие болады.


Парламентке ұсынылған аталмыш заңның сенат және парламентте талқыланып, қабылданғаннан кейін күшіне енуі үшін Жоғары соттың да бекітуі керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар