ЮНИСЕФ: 68 миллион бала қаза табуы мүмкін

Балалар шара қолдану мүмкіндігі бар себептермен қайтыс болуда.

315486
ЮНИСЕФ: 68 миллион бала қаза табуы мүмкін

ЮНИСЕФ шара қолданылмаса 2030 жылға дейін бес жастан төмен 68 миллион баланың қаза табуы мүмкін екенін білдірді.


Ұйымның мәлімдемесінде 2030 жылға дейін жарты миллиард адамның әжетхана ретінде ашық алаңды қолданатыны және мұның балалардың денсаулығына үлкен қауіп төндіретіні атап көрсетілді. Сондай-ақ Сахара шөлінің төменгі жағындағы Африкада өмір сүретін ең кедей елдердің қыз балаларының барлығының орта білім алуы үшін де жүз жыл керек.


Мәлімдемеге қарағанда, сонымен бірге қазір жыл сайын алты миллион бала бес жасын толтырмастан қайтыс болып кетеді. 289 мың әйел босану барысында дүниемен қош айтысуда. 58 миллион бала болса бастауыш мектеп табалдырығын аттамаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар