ЕО Түркия репортері голландиялық Кати Пири мәлімдеме жасады

Пири босқындар мәселесін шеше алмаған Еуроодақты сынға алды.

316475
ЕО Түркия репортері голландиялық Кати Пири мәлімдеме жасады

Еуропа парламенті (AP) Түркия репортері голландиялық Кати Пири Түркияда 2 миллион сириялық босқын өмір сүріп жатқанда, Еуроодақ мүшесі мемлекеттер арасында 20 мың босқынды орналастыру жайлы тартыстардың «ұятқа қалдырғанын» атап айтты.
Еуропа парламентінің репортері және Социалист топ мүшесі Пири парламенттегі кеңсесінде күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап қайтарды.
Текқана Түркия емес, Еуропаның да Сирияның көршісіне жатқанын атап айтқан голландиялық депутат Еуроодақтың Сирия шекарасындағы елдерге жәрдем қолын созуға мәжбүр екенін білдірді.
Еуроодақ мемлекеттеріне саяси паналау талаптарының басында Германия мен Швеция келеді. Кейбір Еуроодақ елдері болса қабылдағысы келмейді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар