Күрдтер бір әскери базаны алды

Сирияда күрд жасақтар Раккаға қарай жылжуда.

315567
Күрдтер бір әскери базаны алды

Сирияның солтүстігінде күрд жасақтар террор ұйымы ДАИШ-тің орталығы Раккаға қарай жылжуда.


Раккаға 50 км қашықтықтағы бір ауданға жылжыған күрдтер бір әскери базаны басып алды.


Айн Иссаның бір бөлімін алған күрд жасақтары алға жылжуда.


Террор ұйымы ДАИШ-тің орталығы Ракка мен Айн Иссаның арасында басқа ірі елді мекен жоқ.


Сонымен қатар Пентагон ДАИШ-ке қарсы соғысқан сириялық оппозиционерлерге айына 200-450 доллар ақша төленгенін мәлімдеді.


Пентагон баспасөз хатшысы өткен апта 200 оппозиционерді жаттықтыра бастағандарын, алдағы уақытта 1500 жауынгерді жаттықтыратындарын білдірді.


Баспасөз хатшысының айтуынша кейбір оппозиционерлер жаттығу алаңынан кетіп қалды. Бұлар Асад күштерімен соғыспау туралы мәтінге қол қоюға қарсы шыққан.


Осы арада Иракта да қақтығыстар жалғасуда. Ирак армиясы шиіт еріктілердің де көмегімен Анбар уәлаятында Хусейбе ауданындағы ДАИШ террористтерін жеңді.


Сәуір айында террор ұйымы ДАИШ-тен құтқарылған Тикритте тұрмыс қалыпқа келуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар