Сирия мен Ирак қан көліне айналды

Халебке баррель бомбаларымен жасалған шабуылда 14 адам қаза тапты, 24 адам жарақат алды.

313682
Сирия мен Ирак қан көліне айналды

Сирия армиясына тиесілі бір тікұшақ Халебте оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға баррель бомбаларын тастады.
Бомбалауда араларында әйелдер мен балалар да бар көптеген адам қаза тапты, ондаған үй қирады.
Басқа жағынан коалиция күштерінің Ирак пен Сириядағы әуе шабуылдары жалғасуда.
Ирак Күрдістан демократия партиясы «АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің әуе шабуылдары нәтижесінде ДАИШ-тің Мосулда бақылауын жоғалта бастағанын, ұйымның қаладағы бұрынғы әсерінің қалмағанын» жариялады.
Иракта да қақтығыстар үздіксіз жалғасуда.
Бағдаттың әртүрлі аймақтарында жасалған бомбалы шабуылдарда 6 адам қаза тапты, 17 адам жарақат алды.
Жергілікті бір телеарнаның тілшісі Бейджиде қызметін жасап жатқанда ДАИШ мүшесі мергеннің оғынан жан тапсырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар