Йемендегі әуе шабуылында 15 адам қаза тапты

Таиз қаласында қақтығыстар жалғасуда.

312643
Йемендегі әуе шабуылында 15 адам қаза тапты

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштерінің Йеменге ұйымдастырған әуе шабуылында араларында бала мен әйелдер де бар 15 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды.
Қалада айлардан бері жалғасқан қақтығыстар себепті мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр қалды.
Елде қарсылас топтар арасындағы қақтығыстар жалғасып жатқанда, ДАИШ террор ұйымы Астана Санада бір аптаның ішінде екінші бомбалы шабуылын ұйымдастырды.
Сананың ежелгі аймағындағы бір шиіт мешітіне бағытталған бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты, 6 адам жарақат алды.
ДАИШ сәрсенбі күні болса бір қатар бомба орналастырылған көлікпен шабуыл жасаған, оқиғаларда 4 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алған болатын.
Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштерінің 26 наурыз күнінен бері жалғасқан әуе шабуылдарында 2 мың 800 адам қаза тапты.
Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ қонақжайлығында өткен бейбіт келіссөздер болса жұма күні табыссыз аяқталған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар