Талибан Гельманд уәлаятындағы бір базаға шабуылдады

Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігінде радикал ұйымдар алдында жеңіліске ұшырауда.

303149
Талибан Гельманд уәлаятындағы бір базаға шабуылдады

Ауғанстанда Талибан Гельманд уәлаятындағы бір базаға шабуыл жасап, 20 ауған әскері қаза болды.


Муса Қала аймағындағы базаға ұйымдастырылған шабуылда 40 полицей де қайтыс болды.


Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігінде радикал ұйымдар алдында жеңіліске ұшырауда.


НАТО 2014 жылдың желтоқсан айында іске қосқан Табанды қолдау миссиясымен ауған жауынгерлерін радикал ұйымдарға қарсы жаттықтыруда.


Пәкістан армиясы болса партизандарға қарсы операцияда табысқа жетті. Ауғанстан шекарасындағы Солтүстік Уәзірстан аймағындағы операцияда 20 партизан өлтірілді.


Пәкістан армиясы Талибан қайта жанданған 2008 жылдан бері солтүстік батыс шекара уәлаятындағы тайпа аймақтарына жүйелі түрде операция ұйымдастыруда.


Операциялар көбіне табыспен аяқталуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар