Ирак Орталық әкімшілігі Эрбил әкімшілігіне еңбек ақыларын төледі

Эрбил әкімшілігі мен Ирак Орталық үкіметі арасындағы бюджет дағдарысы қазірше шешімін тапқан көрінеді.

298060
Ирак Орталық әкімшілігі Эрбил әкімшілігіне еңбек ақыларын төледі

Иракта Орталық үкімет Күрд аймақтық әкімшілігіне 2015 жылы мамыр айы бюджеті аясында мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы ретінде 380 миллион доллар жіберді.
Эрбил мен Бағдат арасындағы келісімге қарағанда Түркия арқылы нарықтарға шыққан мұнайдың күніне 550 мың баррельі Ирак Ұлттық Мұнай фирмасыSOMO-ға өткізіледі.
Дегенмен Күрд әкімшілігінің сәуір айынан бері еңбек ақыларын кешіктіргенін атап көрсететін.
Аймақтық әкімшілікке сәуір айы үшін 410 миллион доллар құйылғанын атап көрсеткен Бағдат әкімшілігі болса соңғы рет мамыр айы үшін 380 миллион доллар төленгенін, террор ұйымы ИШИМ-мен күрес аясында пешмерге күштеріне айына 25 миллион доллар төленетіні білдірілді.
Аймақтық күрд әкімшілігі Бағдатпен келісімдеріне берік екендерін бірақ орталық үкімет жауапкершіліктерін орындамаған жағдайда мұнайды басқа жолдан сататындарын мәлімдеген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар