Африканың көп ұлтты аралас армиясы міндетін бастады

Армия Бенин, Камерун, Нигер, Нигерия, Чад және Пілтісі жағалауы қарулы күштерінен қалыптасты.

290359
Африканың көп ұлтты аралас армиясы міндетін бастады

Африканың көп ұлтты аралас армиясы міндетін бастады.


Африка Одағы қауіпсіздік және бейбітшілік комиссиясының мүшесі Исмаэл Чергуи көп ұлтты Африка күшінің террор ұйымы Боко Хараммен күрес аясында міндетін ресми түрде бастағанын мәлімдеді.


Чадта өткен Орталық Африка елдері Экономикалық қауымдастығының 16-шы саммитінде сөз сөйлеген Чергуи аралас армияның Бенин, Камерун, Нигер, Нигерия, Чад және Пілтісі жағалауы қарулы күштерінен қалыптасқанын айтты.


2002 жылы Нигерияның Борно штатында құрылған Боко Харам ұйымы бүгінге дейін жүздеген адам өлтірді, қала мен шіркеулерді өртеді, жас қыздарды алып қашты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар