Бостон шабуылы жөніндегі шешім шықты

АҚШ-тың алқа билер соты Джохар Царнаевты өлім жазасына кесті.

277218
Бостон шабуылы жөніндегі шешім шықты

2013 жылғы Бостон марафонында жарылыс ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевты АҚШ-тың алқа билер соты өлім жазасына кесті.
12 адамнан тұратын алқа билер сотының шешімі 14 сағатқа созылды. Нәтижесінде тараптар Царнаевқа өлім жазасы тән деп шешті. Айыпталушыға тағылған жиыны 30 баптың 17-cі өлім жазасына қатысты болып келгені белгілі. Алқа билер соның нақты алтауы бойынша жоғарғы жазаны белгілеу туралы шешім шығарды.
Айта кету керек, Царнаевқа үкім шығарылған Массачусетс штатында өлім жазасы 30 жылдан аса уақыт бойы қолданылмаған екен.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар