АҚШ-та өмір сүрген түріктер дауыс бере бастады

АҚШ-та өмір сүрген шамамен 90 мың түрік сайлаушы 16 күн бойынша сандыққа барып, дауыс береді.

277941
АҚШ-та өмір сүрген түріктер дауыс бере бастады

Түркияда 7 маусым күні өтетін жалпы халықтық сайлауға АҚШ-та өмір сүрген түрік азаматтары да дауыс береді. Сайлаушылар Вашингтонға қоса, Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Чикаго, Хьюстон, Бостон және Майами қалаларына құрылған сандықтарда дауыс бере бастады.
Вашингтон өкілетті елшісі Сердар Кылыч жалпы халық сайлауында өткен жылғы президент сайлауымен салыстырғанда одан көп сайлаушының дауыс беруін күткендерін атап көрсетті.
Вашингтон өкілетті елшілігінде 14 мың сайлаушы үшін 2 сандық құрылды.
Сайлаушылар өкілетті елшіліктер мен саяси партия өкілдерінің бақылауында дауыс беруде.
Нью-Йорк Бас консулдығында болса барлығы 35 мыңға жуық сайлаушы апта ішінде екі, аптаның аяғында да 3 сандықта дауыс бере алады.
Дауыс беру жұмыстары 31 мамыр күні жергілікті уақытпен 19:00-ге дейін жалғасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар