Израильдің жаңа үкіметін мәжіліс мақұлдады

Нетаньяху үкіметі міндетін бастады.

275489
Израильдің жаңа үкіметін мәжіліс мақұлдады

Премьер-министр Беньямин Нетаньяху басшылығындағы 34-ші үкімет сенім даусын алды.


Израильмәжілісі Кнессетте дауысқа салу жүріп, 61 депутат «қабыл» даусын қолданып, 59 депутат қарсы шықты.


Осылайша бес партиялы коалиция үкіметі 120 орынды парламенттен 61 дауыспен сенім алды.


Үкімет мүшелері ант ішіп, міндеттерін бастады.


Израильді басқаратын жаңа коалицияда Нетаньяху басшылығындағы Ликуд партиясы, асыра оңшыл Еврей үйі, «Кулану» партиясы және радикал сионист партиялар Бірлескен Тәурат еврейлігі мен Шас орын алуда.


Төртінші мәрте премьер-министрлік қызметін атқаратын Нетаньяху басшылығындағы үкімет 20 министрден тұрады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар